PFIZER ВАКЦИНАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

5d2e6c72 47ca 438d a989 ff8ab81b8fb1 COVID-19: Соңғы поштадан...

10 қарашада, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ДДҰ мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді.

Алдын ала келісім бойынша Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн.дозасы сатып алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында жазылды. 

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. 

Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

b3a95e8f 5218 480a bfb1 38778fd0808c

Бірыңғай дистрибьюторлар келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің бөлінісіне сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізбек.

 Алдағы күндері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ел азаматтары үшін қол жетімді болады.

Вакцинаны сақтау нұсқаулығына сай арнайы шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес, ультра төмен температура -60 -90 Со режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.

Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры да алынды. Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.

295c2ffb 9b91 4afe b7ca d5cef5d07f41

Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл  – АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA аясында қолданыла бастаған) алғашқы вакцина.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты жаппай вакцинациялауда «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «Коронавак», «Sinopharm» қолданылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз