Атырауда колледж студенттері ірі өндірістік мекемелерде еңбек етуде

img 5644 Білім

Атырау  политехникалық колледжінің мұнай және газ кен орындарын пайдалану мамандығының 10 студенті дуалдық оқыту жүйесі бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ мекемесінде еңбек етуге мүмкіндік алды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұдан бөлек тағы 10 студент қазір  мұнайды қайта өңдеу технологиясы мамандығы бойынша  Атырау мұнай өңдеу зауытында еңбек етуде.

-Дуалды білім беру кезінде студент алдымен колледжде теориялық білім алып, кейін білімін жұмыс орнында практикада қолданады. Әр студентке тәлімгер тағайындалады. Ол студентке мамандықтың қыр-сырын үйретуі қажет. Егер студент өзін жақсы көрсетсе, оны ресми түрде жұмысқа алады. Шәкіртақы да сақталады,- деді Э.Тұңғатарова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз