“Ақберен” байқауынан атыраулық оқушылар жүлделі оралды

93ca9e72 f43e 4aa0 a9d9 7af66f1be14b Білім

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылықакадемиясында ҚР Білім және ғылымминистрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруыменшығармашыл оқушылар арасындағы VІІІ республикалық «Ақберен»  өнер байқауы өтті.

 Байқауға еліміздің барлық облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент, Атырау қалаларынан, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері мен республикалық білім беру ұйымдарынан 108 жас(8-11 сынып оқушылары) қатысты.

— «Ақберен» өнер байқауы — жыл сайын еліміздегі өнерлі, дарынды оқушылардың басын қосып, үздіктерді анықтайтын жоба. Бұл жобаның негізгі авторлары — Әшірбек Сығай мен Мырзатай Жолдасбеков. Биыл сегізінші мәрте өтіп жатқан байқау жастардың дарынын шыңдауда, өнерге, әдебиетке баулуда маңызы зор. Биылғы байқауда белгілі ақын Аманжол Әлтай бастаған белгілі ақын-жазушылар мен өнер майталмандары оқушылардың өнерін бағалап, қазылық етуде. Екі күнге созылған байқауда біз шын жүйріктер мен шығармашыл оқушыларды анықтадық ,-дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Зәуре Аманова.

Атырау облысынан аттанған оқушыларымыз командалық есепте  жүлделі 3 орынды иемденді. 

    «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша  Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сисенбай Нұрай Жайлауқызы 1-орынды жеңіп алды, жетекшісі ̶ Ризуанова Гулнар Ескалиевна.

    Атырау қаласы №35 Х. Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясының  11-сынып оқушысы Асқар Асылай Асланқызы​«эссе жазу» номинациясы бойынша  2 дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі ̶ Кубиева Нургуль Пангереевна.

   Атырау қаласы Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының 9 -сынып оқушысы Тамбай Арайлым ​«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша арнайы грамотамен марапатталды, жетекшісі ̶ Қуанғалиева Әлия.

   Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 11-сынып оқушысы Асқаров Бейбарыс «шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша,  Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы10-сынып оқушысы Мұхитов Ерасыл «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша,  Х. Досмухамедов атындағы университеті «КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының  11-сынып оқушысы Елеусінов Бекзат Қанатұлы «Ақындар мүшәйрасы»  номинациясы бойынша  өнерлерімен ерекшеленіп, арнайы сертификаттар, сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері ̶ Қуандықова Эльмира, Дәулекенов Өнербек, Кенжебайұлы Ернар. 

Жеңістеріңіз құтты болсын! Біз Сіздерменмақтанамыз, Атырау дарындары!

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз