Жылыойда үздік кәсіпкерлер марапатталды

img 4087 Жаңалықтар

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жылыойлық үздік кәсіпкерлер марапатталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жұмабек Қаражанов қатысып, кәсіп иелерін құттықтады.

img 4086

– Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау – ел дамуы үшін маңызды міндет екенін айтқан болатын. Сондықтан ұлттық бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Кәсіпкерлік саласы – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшінің бірі. Сол себепті бұл саланың көрсеткіштерінің қорытындысы ауданымыздың даму рейтингіне әсер етпей қоймайды. 

Осы орайда сіздерге зор алғысымды білдіре отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!- деді Ж.Қаражанов.

Жылдың таңдаулы кәсіпкерлері конкурсының қортындысы бойынша «Үздік жас кәсіпкер» номинациясымен тұрғындар үшін жайлы аялдама салған Бекет Құлбаев және «Үздік стартап» номинациясымен Құлсары қаласында алғаш рет кинотеатр ашқан Саламат Сәрсенов марапатталды. «Қызмет саласының үздігі» номинациясына Ерлан Асылбеков, «Ауыл шаруашылығының үздігі» номинациясына Бақтығали Жиенқұлов, «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» номинациясына «Дельфин» сауықтыру орталығының директоры Жәнібек Балжігітов ие болды. Сонымен қатар «Үздік отбасылық бизнес» номинациясына «Құлсары» сауда үйінің директоры Мұханбет Ізтұрған, «Сауда саласының үздігі» номинациясына «Береке» сауда үйінің директоры Талғат Бекбусинов, «Үздік кәсіпкер әйел» номинациясына «Ай-Салтан» дүкендер желісінің директоры Мәншүк Жиембетова, «Үздік өндіруші номинациясына «Каусәр су» директоры Марат Құлбалиев және «Жыл үздігі» номинациясына «Аружан» супермаркетінің директоры Ақтоты Елеулиева лайық деп танылды. 

Айта кетейік, биыл аудан бойынша тіркелен шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны 7471-ге жетіп, былтырмен салыстырғанда 491-ге өсіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз