«Жүрегім толы мейірім»

odoldodo Жаңалықтар

      Қазаққа тән асыл қасиеттің бірегейі – жомарттық пен кеңпейілділік. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың шынайы жанашыры болып, оларға аялы алақан тосу, жүрек жылуын сыйлау, сөйтіп, сауабы мол іске атсалысу әрбіріміздің азаматтық парызымыз болса керек.

     Жуырда жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте «Жүрегім толы мейірім» атты мәдени шара өтті. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасының балаларына барынша қамқорлық көрсетіп, оларға қуаныш нұрын сыйлау болатын.

     Шара барысында мектеп басшысы Алтын Амангелдіқызы ата-аналарға өзінің ізгі тілегін арнап, оқушыларға жылы киім-кешектер, аяқ және спорттық киімдер тарту етті. Ал, демеушілер – мектептің жомарт жүректі ұстаздары. Шара соңы мектеп көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Гүлназ ШАЯХМЕТОВА,

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Атырау қаласы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз