ЖЕРМЕН ЖҰМЫС – ЖАУАПТЫ ІС

Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы өз атауын өзгерткен болатын. Қазір бұл құзырлы орган облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы деп аталады.

Бұған дейін инспекция басшысы болып келген Ғибрат Сүлейменов облыс әкімінің өкімімен басқарманың басшысы болып қайта тағайындалды.

Басқарма басшысын жаңа лауазымымен құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қызметте сәттілік тіледі.

– Ғибрат Еркінұлын таныстырып жатудың қажеті жоқ, осы ұжымға жақсы таныс, өз ісінің білгір маманы. Қазір аймақта жер мәселесіне қатысты проблемалар көп. Сондықтан, бұл салада шешілуге тиісті бірқатар міндеттер бар. Сіздерге жүктеліп отырған жауапкершілік те мол, – деді Ғұмар Ислямұлы.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз