Жастар үшін табиғат аясында Наурыз мерекесі ұйымдастырылды (+ВИДЕО)

IMG 4303 Жаңалықтар

Аtr.kz/25 сәуір, 2019 жыл.  Жастар жылы аясында Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығы ерекше шара ұйымдастырды.

Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аталмыш орталық Наурыз мерекесін атап өтті. Атырау қаласы маңындағы «Құлагер» ипподромында өткен мәдени шараға қала жастарымен бірге, аузы дуалы ақсақалдар да қатысты.

 Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев асық ату, алтыбақан, атқа мініп сейіл құру сынды ерекше ойындар ұйымдастырылған шараның мәні тереңде жатқанын айтады. «Ертеректе ата-бабаларымыз Наурыздың отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлаған. Өткен жылы еліміздің мәдени ордасы Алматыда әз Наурыз бір ай бойы тойланып, мереке аясында 150-ге тарта шара ұйымдастырылған еді. Біз де әз Наурызды жастар арасында табиғатқа сейілдеу арқылы насихаттауды жөн көрдік. Атқа отырудың өзі үлкен өнер. Жастарымыз телефонға телміргеннен гөрі, саятшылық құрып, табиғатпен әлдеқайда жақын болса деген ниетіміз бар» дейді Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев.

IMG 4396
IMG 4411
IMG 4428

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз