Жайық өзенінің бойындағы заңсыз құрылған ау құралдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде

photo 2023 04 12 14 56 48 Жаңалықтар

Жайық өзенінің бойында «Бекіре – 2023» акциясына байланысты заңсыз құрылған ау құралдарын анықтау шарасы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 20 қызметкері қатысты. Жұмыс барысында қызметкерлер 3 – «КС» қайығы, 6 – жеңіл моторлы қайық және  жағалаудан бақылайтын «Уаз» автокөлігін пайдаланды.

-Тексеріс кезінде Жайық өзені бойынан 20-ға жуық ау құралдары мен 4 астауша қайық тәркіленді. Бұл заңсыз заттар болғандықтан, қолдан жасалған қайықты инспекцияға қарасты «Дамбы балық» бөлімінің арнайы орнында жойылады. Ал, ау құралдары бөлімге иесіз зат ретінде өткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылады. Сондай-ақ, тәркіленген балықтар балық өнімін дайындау үшін «Тілекші» ЖШС, «Абылай хан» ЖШС сияқты мекемелерге тапсырылады,- деді «Дамба» балық инспекциясы бөлімінің басшысы Еламан Хабибуллин. 

Оның айтуынша, мұндай тексерістің мақсаты – балықтардың заңсыз ауланып, броконерлердің уысына түспеуін қадағалау. Өзен балықтарының көбейіп, еркін өсуіне жәрдемдесу.

Айта кетейік, бұл шара биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз