Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

581c9149 74dc 465f aaea 5aa50c89b29e Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алдағы уақытта аталған меморандум аясында бірлескен жұмыстар, әсіресе мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмысқа тарту фактілерін жою, алдын алу және болдырмау мақсатындағы мониторинг, рейдтік және өзге де шараларды жүргізу көзделген.

Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетовтің айтуынша, меморандумның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің заңмен көзделген құқықтарының, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге ықпал етіп, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді жүзеге асыру болып табылады.

Осы жылдың сәуірінен бастап мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысты заңнамалық өзгерістер енгізіліп, бұл бағыттағы бақылау функциялары және артық жұмыс жасау деректері бойынша шаралар қабылдап, бірінші басшылардың әкімшілік жауапкершіліктерін тікелей қарау департамент құзыретіне берілген.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз