Ұлттық спорттық ойындар қайта жаңғырды

bez imeni111 Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облыстық филиалы ұжымы биылғы «Наурызнама» онкүндігінің әр күнін дәріптеп, насихаттауға атсалысып келеді. Ұжым «Ұлттық спорт» күнін де айрықша атап өтіп, қазақтың түрлі ұлттық ойындарын қайта жаңғыртты.

Қазақтың көнеден келе жатқан бұқа тартыс, қой көтеру сынды ұлттық ойындары ойнатылды. Бұқа тартыс – күш сынасып ойнайтын ойын түрі. Жиында, той-томалақта ойналатын бұл додаға жігіттің нары ғана шыдас беріп, күшін көрсетіп, өзін қауымға танытады. Алты құлаштай арқанды мойнына асынуға бел байлаған 10 жігіт арасынан ақпараттық техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бекет Шатенов оқ бойы озық шығып, жеңісті қанжығалады. Ал, «қой көтеру» сайысында 70 рет көтеріп, өзгелерден басым түскен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді жүргізу басқармасының басшысы Рустем Бекешов наурыз-думанның басты сыйлығына ие болды.

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Атадан балаға мұра болған ұлттық құндылығымыздың жібін үзбей, әрі қарай жалғау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз