Түркияда жаңа жер сілкінісінен 300-ге жуық адам зардап шекті

230221084535811e Жаңалықтар

Түркиядағы жаңа жер сілкінісінен зардап шеккендердің нақты саны белгілі болды. Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 294 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, мұндай сандарды Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа келтірген.

Фахреттин Кожа Twitter парақшасында: «Олардың 18-і, өкінішке орай, ауыр халде, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар әуе және құрлық арқылы Адана мен Дертиолға жеткізілді», – деді.

Бұған дейін Түркиядағы жаңа жер сілкіністерінің салдарынан 213 адам жарақат алып, үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Сириядағы жер сілкінісінен бес адам қаза тапты.

Бүгін Түркияда жаңа жер сілкінісі болды. 6,4 баллдық бірінші дүмпу жергілікті уақыт бойынша 20:04-те, екінші магнитудасы 5,8-ге тең 20:07-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошақтары сәйкесінше Дефне және Самандаг аймақтарында болды. Бірінші жер сілкінісінің ошағы 16,7 км, екіншісі 7 км тереңдікте болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз