Тіркеуде жоқ қаруларға сыйақы беру акциясы жалғасуда

whatsapp image 2021 05 11 at 17.54.47 Жаңалықтар

Атырау қаласы аумағында тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстың, оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында, азаматтардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді сатып алу бойынша 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап ерекше өкімге дейін акция өткізілуде.

Акция басталғалы, Атырау қаласы Полиция басқармасының азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобына 12 дана аңшылық қару мен 600 дана оқ дәрілері тапсырылды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы Полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:
-заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды акция кезінде өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.

Науқан әлі жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз