Танымал тележүргізуші Ж.Байсеміз авторлық тренинг өткізді

1 10 Жаңалықтар

«Шет елдегі қазақ балалары» жобасының авторы, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері Жанар Байсеміз өзін психология әлемінде байқап көрмек. Сананы өзгерту туралы өз тренингін тұңғыш рет Атырауда өткізді.

1

«GRAND HOTEL» қонақ үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен шара тақырыбы – «Мидағы найзағайлар соғысын қалай тоқтатуға болады немесе әйел энергиясы не үшін қажет?» деп аталады. Аталған тренингке қолдау көрсете келген Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор Зәмзәгүл Жалмурзина, шараға әр ауданнан арнайы мамандар келіп қатысып отырғанын мәлім етті.

Трениг қонағы, Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елшат Асқар мұндай басқосулардың әсіресе, әлеуметтік мәселелер төңірегінде жұмыс істейтін мамандар үшін маңызы зор екенін айтады. «Аудан бойынша 19 ауылдық округ болса, олардың әрқайсысында демографиялық саясатпен айналысатын мамандар бар. Біз бұл жерден үйренгенімізді арнайы семинарлар өткізу арқылы ауданда айтамыз. Отбасы, қоғамдағы әйелдердің рөлі, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу тақырыбында жиындар өткіземіз»,-дейді ол.

Танымал тележүргізушінің тренингіне 50-ден астам атыраулық қыз-келіншек қатысты.

Әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлін одан әрі арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында қыз-келіншектердің бойындағы асыл қасиеттерді дамыту, жалпы әйел санасын жаңғырту туралы жан-жақты айтылды.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз