Су құбырына жеке инвестиция тартылмақ

vodosnabgenie small Жаңалықтар

ҚР Парламентінің  Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Премьер-Министр Асқар Мәминге депутаттық сауал жолдап, Атырау облысындағы ауыз су мәселесін көтерген болатын.  Көп ұзамай Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдан жауап хат келді. Бұл  бір демде шешілетін түйін емес, десек те  проблемамен күрес жұмыстары әлі жолға қойылмай отыр.       

Жауапта 2006-2015 жылдары аймақта 59 ауылға су жүргізген «Ақбұлақ» бағдарламасына енген елді мекендер мен мәліметтер берілген. Шын мәнінде осы жоба бойымен ауылдарға су құбыры тартылғанымен, сол құбырдың бойында су  тек сағаттап жүріп тұрғаны тұрғындардың  наразылығын тудырып отыр. Мәселен, тұрғын су жүретін уақытта жұмыста немесе жолда болды делік. Сонда ол кісі келесі су аққанша сусыз отыруы керек пе? Жаңарған дамыған ХХІ ғасырда бұл көңіл көншітпейтін жайт.

Сонымен қатар  Көкжиде кен орнының жерасты су қорын қайта бағалау, ұңғымаларды тиімді пайдалану туралы ұсыныстар да  айтылған.

  • Сенатор «үш  ауданды ауыз сумен қамтамасыз  етудің басты көзінің бірі – «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық  су  құбыры. Алайда, су құбырының пайдалану мерзімі  мен  тұтынушыларының  ұлғаюына байланысты  қайта жаңғырту мен кеңейтуге  376,6 млрд. теңге  қаржы қажет» деген болатын.  Бұған несие алған күнде, пайданың негізгі көзі тарифтік түсім болғандықтан, бұл сөзсіз халықтың қалтасына түсері анық. Яғни, тариф құнын көтеруге тура келеді.

Ғұмар Исламұлы  осы қымбатшылықтың алдын-алу үшін жұмыс жасап жатыр. Алайда жауап хатта «Бірінші кезеңде кешенді жоспар жобасында  жеке инвестициялар есебінен  110,4 млрд. теңге  сомасына  тозған жүйелерді  реконструкциялау  және кеңейту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда» делінген. Жеке инвестицияның қайтарымы болатыны айтпаса да түсінікті.

Жобаларды  түпкілікті пысықтау  қорытындары  биыл 20 мамырға дейін жүзеге асатын болады. Сенатордың көтерген мәселесі әзірге ұсыныс  статусында тұр. Алға қарай Үкіметтен қолдау тауып, жобалалр жасақталып, жұзеге асса ғана  өңірдегі су мәселесі шешімімн табады. Бірақ  қазіргі іс-әрекеттер біраз уақыт пен шыдамды қажет етіп отырғандай.

Салтанат Ақтәжиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз