«Шекара дос жүрегін бөле алмайды!»

311062575 1501573016953772 8128236125957632113 n Жаңалықтар

Қазанның 7-сі күні Достық үйінде «Шекаралас аймақтағы этномәдени саясат. Мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында пікір алмасу үшін Атырау облысы ҚХА ардагерлері мен этномәдени бірлестік төрағалары және РФ Астрахан облыстық «Жолдастық» қазақ мәдениеті ұйымы кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ZOOM платформасы арқылы жүздесті.

– Бүгін біз сіздермен қараша айында өтетін «Шекара дос жүрегін бөле алмайды!» атты халықаралық фестиваль аясында бас қосып отырмыз. Бұл – талқылау кезеңі. Осы ретте, РФ Астрахань облысындағы қонақтарымызға және Астрахань аймақтық «Жолдастық» қазақ мәдениеті ұйымы кеңесінің төрағасы Р. Кәрімұлына, жауапты хатшы Ә. Елеусінқызына және «Едіге» ноғай мәдениеті орталығының Президенті И. Шәмиқұлұлына алғысымды білдіргім келеді. Біз сізді және сіздің шығармашылық ұжымды Атырау өңірінде қарсы алатынымызға қуаныштымыз,-деді модератор Атырау облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н. Ермұханов.

Онлайн кездесуде ZOOM платформасына қатысушылар бейбітшілік пен келісімді нығайтуда мәдени іс-шаралардың маңызын талқылап, домбырада қазақ тілінде ән айтқан «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі О. Атанасов көршілес екі ел арасындағы достығымызды айғақтай түсті.

Дөңгелек үстел шекаралық ынтымақтастықтың этносаралық мәселелерді талқылауға және халықтар арасындағы достықты одан әрі нығайтуға жол ашты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз