Серік Шәпкенов атыраулықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

3bfe0383 5e08 4276 a27c 6ecf5abe0c06 870x400 1 Жаңалықтар

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі – шежірелі Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Наурыз мейрамы жаңаруды білдіреді және оны мазмұнды, шығармашылықпен, жаңа ерекшеліктерді енгізу арқылы атап өту қажет. Бұл қоғамды топтастыруға және ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін».
Биылдан бастап жыл сайын Наурызнама онкүндігі өткізілетін болады, ізгілік пен жақсылық мерекесінің еліміз бойынша бірыңғай логотипі жарыққа шықты.
Күн мен түннің теңесер тұсындағы рухани тазару мен үйлесім мейрамы қоғамды біріктіруші күшке айналды, көктемгі жаңару мен жасампаздықтың, бірлік пен достықтың жалпыұлттық мерекесі ретінде қабылданады.
Ұлыстың ұлы күні – ұлттық бірегейлік пен бірліктің жаршысы. Барша қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында еңсесі биік елдігіміз бен іргесі сөгілмес татулығымыз, ырыс пен ынтымағымыз қашанда байрақты басты ұстаным болып қала береді.
Әз-Наурыз лайымда әр шаңыраққа қуаныш пен құт-береке, елімізге молшылық әкелсін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Серік ШӘПКЕНОВ,

Атырау облысының әкімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз