Қызылқоғада бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде

440 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқын алды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, су айдындарының қауіпті учаскелердегі бөгеттерін нығайту жұмыстарына белсене кірісті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, бүгінде Сағыз ауылының Ноғайты өзені бойындағы қауіпті учаскелерінде топырақ толтырылған 500-ге жуық қапшық дайындалды. Сондай-ақ, 27 наурыздан бастап Миялы ауылдық округінің суға кету қаупі бар учаскелеріне 7000-ға жуық қап төселді. Бөгеттерге 350 тонна топырақ төгіліп, нығайтылды.

Аталған жұмыстарға сала мамандары мен ауыл тұрғындарын қосқанда барлығы 350-ге жуық адам және 10 арнайы, қосымша техника жұмылдырылды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз