Құрыштан құйған құдірет

images 2 Жаңалықтар

Санаулы күндерден соң Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 76 жыл толады. Осыдан бір жыл бұрын облыстағы көзі тірі майдангерлердің саны 8 болса, бүгінде содан екеуі ғана қалған. Сол екеудің бірі – Айдын Айбаров ақсақал. Ағамыз алдағы қазан айында 100 жасқа толады. Атырау облысының және Атырау қаласының Құрметті азаматы, ғасырлық ғибратты ғұмыр иесінің жастарға берер өмірлік тәжірибесі, өнеге-тәлімі мол.

Өмірдеректерін шолып өтсек, Айдын Аққалиұлы облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, Петровский атындағы машина жасау жəне химия зауыттарында, қалалық партия комитетінде х а т ш ы л ы қ қ ы з м е т т е р д і атқарды. Өңірдің əлеуметтікэ ко н о м и к а л ы қ д а м у ы н а , өндірістің өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. Майданда ұшқыш болып, талай мəрте жауынгерлік тапсырмаларды табандылықпен орындап, ерлік көрсетті.

– Өткен өміріме ойша көз жүгіртсем, адам баласының əрбір кезеңі түрліше өрілетініне көз жеткізгендей боламын. Мəселен, балалық балдəурен шағың мен бозбала атанып, жалындаған жастық кезеңіңді б і р – б і р і м е н с а л ы с т ы р а алмайсың. Ал, ағалықтан асып, аталық, ақсақалдыққа жеткен мезгіліңнің жөні бөлек, мəні ерек. Төртінші сыныпты туған жерім – Доссорда бітірген соң əкемнің қатты сырқаттанып қалуына байланысты қала жаққа қарай қоныс аударуымызға тура келді. Осында емделіп, сауыққан соң «Алғабас» балық колхозында қызмет атқарды. Ол бір елді аштық жайлаған қиын кезең еді. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген рас екен, халықтың негізгі тұтынатын тағамы да балық болды, – деп еске алады ардагер. 1940 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіріп, тамыз айында Ақтөбедегі ұшқыштар даярлайтын арнайы мектепке оқуға қабылданады. 1941 жылдың мамырында осы мектепті 40 курсант аяқтап шығады. Көп ұзамай соғыс басталып, Орынбор (бұрынғы Чкалов) қаласына, кейіннен Молотовқа (қазіргі Пермь) ұшқыштар училищесіне жіберіледі. 1944 жылы осы училищені бітіргендердің ішінен 10 адам Белоруссиядағы Пружаны қаласына аттанады. Ж а я у ə с к е р д е н айырмашылығы – бұлар судан өтпейді, балшыққа батпайды, қарға малынбайды. Алайда, ұшқыштар атқаратын міндеттің жүгі одан бір мысқал да кем емес-ті. Майдандастарының ортасында Айдын аға бір ғана қазақ баласы болатын. Əйтсе де, бəрінің мақсат-мүддесі бір, қалай еткенде де жаудың бетін қайтарып, жақындатпау, жеңіп шығу еді. Əрине, өмір мен өлім таразыға түскен сол бір сəттерде ағамыздың қандыкөйлек жолдастарымен бірге жасаған ерліктері де жеткілікті. Алайда, ол жайында көп əңгімелеп, мақтанып айта бермейді. Же ң і с т а ң ы ат ы п , же р бетіне бейбіт күн орнағалы бері де бұл кісінің ерлікке пара-пар еңбек етіп, еліне а д а л қ ы зм е т ат қ а р ғ а н ы н , абыройлы, беделді, сыйлы болғанын жұрт жақсы біледі. Басшы болғанына қарамастан, қарапайым халықпен тіл табысып, мұң-мұқтажына құлақ асты. Қиналғанға қолұшын беріп, көмектесті, керек жерінде ақылкеңесін де аяған жоқ. Осындай адами, азаматтық қасиеттерімен көпке жақты, елдің ағасы атанды. – О б л ы с т ы қ п а р т и я комитетінің бірінші хатшысы Сейітжан Полымбетовтың көмекшісі болып жүрген кезімде ол кісінің бойындағы асқан адамгершілік, жоғары азаматтық қасиет-қырларын байқадым. Басшы-қосшылар бас қосатын жиындарға, қонақтықтарға қасынан қалдырмай, үнемі ілестіріп жүретін. «Есіңде болсын, қашанда басшының мəртебесін асыратын, еңбегін бағалайтын – халық. Сондықтан, халыққа жақын болып, өзіңмен тең дəрежеде қарау керек», – деп ылғи ақылын айтып отырушы еді. Кейін оның орнына келген Нұртас Оңдасынов ағамыз да кеңпейілді, ашықжарқын жүретін, үлкен жүректі азамат болды. Ол кісінің де мына бір айтқаны жадымда қалыпты: «Адам баласы ешқашан біреудің күші мен беделіне сенбегені абзал. Өйткені, «тозығы жеткен үй қанша тіреу салса да, құлайды», адам да сол секілді. Сенген адамың күндердің бір күнінде жұмыс орнын ауыстырады немесе өмірден өтеді. Сол себепті, əркез өз күшіңе сенуің керек». Содан бері арада қаншама жылдар өтсе де, асыл ағалардың айтқан сөздері күні бүгінгідей есімде. Осы екі ағамның жанында жүріп бүкіл өміріме жетерлік өнеге-үлгі алдым,- деп жалғастырды əңгімесін ардагер. Майдангердің ерлігі мен еңбегі үшін еншілеген марапаттары да аз емес. Соның ішінде, ең бағалысы да құндысы – абыройлы да адал қызметіне қарай халықтан алған алғысы. Бүгінде өзі ағынды дариядай қария саналы ғұмырында қиындықты да, қызықты да басынан өткерді. Жаратқанның берген қуатымен осы күнге жетті. «Өлгеніміздің тіріліп, өшкеніміздің жанғанына» қуанды. Егемен елдің, тəуелсіз мемлекеттің бағындырған биіктері мен алған асуларын көріп, көңілі марқайды. «Дүниеге келер бір рет, дария кеуде, тау мүсін. Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман, саумысың» деген жүректен шыққан жыр жолдары да Айдын Аққалиұлы сынды абыздарға арналғандай. Ендеше, қартайса да тұғырынан таймаған, шыққан биік асуынан аласармаған ақылман ақсақал, қазыналы қартымызды Ұлы Жеңістің 76 жыл толу мереке сімен құттықтап, əлі де жасай беріңіз деген игі тілегімізді жолдаймыз.

Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз