Құрманғазылық полицейлер суға кеткен әйелді құтқарды (ВИДЕО)

img 20240305 wa0236 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында полицейлер мұз ойылып, суға түсіп кеткен әйелді құтқарды. 5 наурыз күні сағат 15:10 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел мұз ойылып суға түсіп, айқалап көмек сұрайды. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары даусын естіп, жедел әрекет жасаған.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Шынтас Әлисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйел адамды дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Айта кетейік, соңғы күндері ауа-райы қолайсыз болып, мұз бен қардың еруіне байланысты адам өміріне қауіп тууда. Осы ретте атыраулық полицейлер ауа-райының жылыну кезінде мұз үстімен жүрудің адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз