Құрманғазылық кәсіпкер тыл еңбеккерлеріне арнап жаңа жоба бастауда

photo 2023 02 23 12 02 10 1 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданы Орлы ауылының тумасы Азамат Абдуллаев есімді жас кәсіпкер өткен жылы төрт бірдей мемлекеттік грант  ұтып алып, оларды сәтті жүзеге асыруда, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Азамат Абдуллаев «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қорының төрағасы. Қор 2019 жылы құрылған. Осы аралықта он үштен аса кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз гранттарды ұтқан. Атап айтсақ, өткен жылдың өзінде «Birgemiz:Saýlyq», «Birgemiz:Asyl мura», «Ауылдық азаматтық  бастамаларды қолдау», «EcoBatys»  атты жобаларды сәтті жүзеге асырған.

Сонымен қатар ол «EcoBatys» экологиялық жобасы аясында Орлы ауылынан Манаев атындағы орта мектептен «Шелл Қазақстан» компаниясының және «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен жылыжай ашып, қазіргі таңда оқушыларды еңбекке баулуда.

-Биыл қаңтар айынан бастап «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асатын «Жеңіс» жобасына жетекшілік етудемін. Жоба соғыс мен тыл ардагерлеріне арналған. Осы жоба аясында біз ардагерлерімізге барынша көмек қолын созып, оларды емханаларға тегін апарып, қажет болған дәрі-дәрмектерін алып береміз. Мұнан өзге дүкеннен қажетті азық-түлік алып, әркез байланыста болуға тырысамыз. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тыл еңбеккерлерінің тізімін алып, казіргі кезде ауыл белсенділерімен бірігіп үйлерлерін аралаудамыз. Оған қоса жоба аясында азық-түлікке қосымша керекті тұрмыстық техника да алып беру жоспарлануда. Жалпы жергілікті атқарушы билік, білім, денсаулық саласы біздің жобаларға қолдау көрсетуде,- деді А.Абдуллаев.

Айта кетейік, ауданда 130-дан астам жалғыз басты қария мен тыл еңбеккерлері бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз