Құрманғазыдағы «Құралай» супермаркетінен өрт шықты

whatsapp image 2021 09 30 at 09.38.51 Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні 00 сағат 35 минут шамасында Құрманғазы ауданы, Орлы ауылы, Қарабалин көшесі, №2А мекен-жайында орналасқан бір қабатты ғимараттан өрт шықты, – деп хабарлайды atr.kz

Атырау облысы ТЖД-нің хабарлауынша, орын алған оқиға бойынша шақырту Құрманғазы ауданы, №7 өрт сөндіру бөліміне түскен.

Түскен шақырту бойынша өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 1000 м2 ЖК «Бисеновке» қарасты бір қабатты көпфункционалды ғимаратының төбе жабындасының толықтай өртенуі салдарынан «Құралай» супермаркетінің және асхананың толықтай өртеніп жатқандығы анықталды.

Ғимарат 2009 жылы салынған. Қабырғалары кірпіштен қаланған, төбе жабындары ағаштан, қамыстан жасалған, шатыры темір профлистпен қапталған.

Өрт 02 сағат 54 минутта оқшаулып, 04 сағат 00 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық №7 ӨСБ-нің 2 бірлік негізгі техникасы мен 17 жеке құрамы жұмылдырылды.

whatsapp image 2021 09 30 at 09.38.50

Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнына Атырау қаласынан сынақ өрт зертханасы жолданды.

Өрт туралы хабарлама Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне кеш түскен.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады! Өрт бола қалған жағдайда дереу «101», «112» нөмірлеріне хабарласуларыңыз қажет!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз