Құлсарыда 500 үйге электр  жарығы берілді

screenshot 20240413 152751 telegram Жаңалықтар

«Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, тасқыннан кейінгі Құлсары қаласында күніне 60-100 үй электр тогына қосылуда.

«Су тасқынына байланысты 5 сәуірде Құлсары қаласы бойынша он ықшамауданда жарық өшірілген болатын. Қазір су бармаған, құрғақ жерде тұрған 500 үйге электр  жарығы берілді. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар да орнатылуда. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін, Құлсары қаласында тәулік бойына күніге төрт бригада, сегіз арнайы техника жұмыс істеуде» деді,- «Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлы.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз