Құлсары абат қалаға айналмақ

kulsary Жаңалықтар

Құлсары қаласындағы алты ықшамауданның 30 ауласын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобалаушы мекеме «Вибо-строй» ЖШС болса, құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Өмірзақ» ЖШС.

– Аталған жоба аясында №1, №2, №3, №4, №5 ықшамаудандар және Ұ.Абдрахманов көшесінде орналасқан отыз үйдің ауласы абаттандырылады. Мұнда ойын алаңы, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы салынып, асфальт төселеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бөлшектеу және геодезия жұмыстары жүргізілуде, – деді Құлсары қаласының әкімі Қадіржан Адинов.

Қала әкімінің айтуынша, абаттандыру жұмыстары осы жылдың күз айларына дейін аяқталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз