ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

5ca020b153830578316b5b4f3a34fb2d 1280x720 Жаңалықтар

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев іс-сапармен Атырау облысына келді, – деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Сапар аясында министр бірқатар энергетикалық нысандарға барып, өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Атап айтқанда, Атырау ЖЭО-на, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС-не және С.Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетіне барды.

Бұдан бөлек, өңірге сапар аясында облыс тұрғындарымен  кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған.

Тұрғындармен кездесу министрліктің ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, министрдің БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы жоспарланған.

Алдағы уақытта ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның өңірлеріне арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз