Қосшағылда әкім сайлауы өтті

ii Жаңалықтар

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz

Сайлау күні дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Таңертеңгі сағат 07:00 сайлау учаскелері ашылды. Қосшағыл ауылында бір сайлау учаскесі жұмыс жасады. Ол «Қосшағыл» ауылдық мәдениет үйінде орналасты.

Сайлау комиссиясының құрамына 16 адам тартылды. Қосшағыл ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 2504 адамды құрады.

Сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, сағат 20:00-де аяқтады.

Айта кетейік, 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауыл, ауылдық округ, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз