Жарнама
Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жеке инвесторларды компания өкілдерімен кездесуге шақырады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және сізді Атырау қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады.

Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып береді, сондай-ақ Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.

Спикерлер:

  • Утепов Мират, «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және жоспарлау департаментінің директоры
  • Ереулиев Арман, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеттеу және жоспарлау департаментінің директоры
  • Ибраимова Алтынай, «Halyk Finance» АҚ қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаментінің корпоративтік қаржы басқармасының бастығы
  • Жаканова Шынар, SkyBridge Invest АҚ сату департаментінің директоры

Таныстырылым 2022 жылғы 15 қарашада сағат 19:00-де Атырау қаласы, Кулманов көшесі 111б  мекенжайы бойынша «Beluga Hotel» қонақ үйінің конференц-холында өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button