“Қауіпсіз жаңа жыл”: Отшашу үшін айыппұл салына ма?(+Видео)  

img 4140 Жаңалықтар

Атырау облысы аумағында 25 желтоқсан және 3 қаңтар аралығын қамтыған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру. Сонымен қатар сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.

Профилактикалық іс-шара барысында атыраулық төтеншеліктер пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатын өрттерді болдырмау, азаматтардың өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың алдын алу мақсатында базарлар мен сауда орталықтарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары пиротехника сатушылардан сертификат талап етілетінін ескертеді. Оның үстіне заңсыз сауда үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына сәйкес 86 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, тұрғындар қоғамдық жерлерде, пәтерлердің балкондары мен терезелерінен отшашуды пайдаланғаны үшін жазаланады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз