«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды

image 750x 65607f7fec035 Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ҚР Үкіметіне «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту тапсырылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейту жөніндегі Жол картасының 3 және 5 тармағының орындау мақсатында Атырау облысы әкімдігінің Жобалық офисі құрылып, «Адами капитал» базалық бағыты шеңберінде «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша жобалық топ құрамы мен жобалық топ мүшелері құрылды.

Қазіргі уақытта «Қарызсыз қоғам» жобасына байланысты оқыту-түсіндіру қызметі қолға алынды. Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюжетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді, т.б. үйренесіз.

Сондай-ақ, оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында тұрғындар заңгердің көмегіне сүйене алады, егер сіздің шоттарыңызғы тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, несиелік қарызды құрылымдау қажет.

Жоба Атырау облысында ағымдағы жылдың 5 ақпан күнінен бастау алды. Күні бүгінге дейін Махамбет ауданы бойынша 61 тұрғын, Жылыой ауданы бойынша 135, Исатай ауданы бойынша 133, Индер ауданы бойынша 156 тұрғын оқыды. Оқу аудан, ауыл тұрғындарынан кейін Атырау қаласында жалғасатын болады, оқимын деген жандар 27-60-10 телефоны арқылы жазылуға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз