Қалада қараңғы көше болмайды

321424102 1220273868701502 5849186122509764335 n Жаңалықтар

Биылдан бастап қалада мемлекеттік-жекеменшік əріптестік шеңберінде түнгі жарық желісін тарту жобасы жалғасады.

«Мұның өзі облыс орталығы үшін ең өзектілердің қатарынан орын алатын жарықтандыру мəселесін түбегейлі шешуге септеседі. Былайша айтқанда, инфрақұрылымды дамытудың бесінші кезеңі болып есептелетін бұл ірі жоба аясында жалпы ұзындығы 270 шақырымдық желіні іске қосу мақсат етілген», – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Мұхамбетәлиев.

Өткен жылдың өзінде соның 57 шақырымында (68 көшеде) жұмыс аяқталған. Қалған 213 шақырымды (302 көше) жыл соңына дейін бітіру көзделіпті.

Сондай-ақ, жоспар бойынша қыркүйек айында қала көшелерін түнгі жарықпен қамтудың келесі кезеңі басталады. Ол да мемлекеттік-жекеменшік əріптестік шеңберінде орындалады.

Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз