Премьер-Министр Атырау мұнай өңдеу зауытына келді

b5d1b7c5 8be4 4f97 99e1 7782d193474f Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов АМӨЗ-дегі (Атырау мұнай өңдеу зауыты) ГТЭС (Газ-турбиналық электр станциясы) құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысына іссапармен келген Премьер-министр АМӨЗ жұмысымен танысты. Делегация құрамында жуырда орын алған апат себептерін анықтау бойынша құрылған арнайы жұмыс тобының мүшелері, Премьер-министр орынбасары Роман Скляр мен орталық ведомство басшылары да бар.

«АМӨЗ – ел экономикасы үшін өте маңызды нысан. Сондықтан зауыт тұрақты түрде және қалыпты жағдайда жұмыс жасауы қажет. Қазіргідей күрделі жағдай осымен бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осы орайда, Газ-турбиналық электр станциясының құрылысын жеделдеткен жөн. 2028 жылға жоспарланған станция құрылысын таяу жылдары бастап кету керек» деді Смайылов.

Айта кетейік, ГТЭС ішкі электрмен қамтуға қолайлы жағдай туғызады, құрылғылардың сөну мен зиянды зат бөлу қаупін азайтады. Сондай-ақ, жұмыс тобы «Karabatan Utility Solutions» кәсіпорнына баруды жоспарлап отыр.

Динара ҚАНБЕТОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз