Орынбор су тасқынына дайындалып жатыр

2022 04 13 crop 23 9 755x1007 f416f6b2 6b6e 4bf7 813c 436c573f2f27 Жаңалықтар

Су тасқыны болжамы туралы ашық дереккөздерде Орынбор қаласы әкімдігінің азаматтық және төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Марсель Серазетдинов мәлім етті.

Мамандар су тасқыны туралы айтқанда, қардың үлкен қорын, топырақтың қату тереңдігін және басқа да критерийлер бар екендігін айтады. Осы параметрлерді ескере отырып, Жайық және Сақмара өзендері нормадан әлдеқайда жоғары көтерілуі мүмкін екендігі белгілі болды. Мамандар су көтерілуінің биіктігі 9,8 метр екенін айтады. Бұл нағыз апатты жағдай.

Орынбор әкімшілігінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Марсель Серазетдиновтың айтуынша, қаланың кейбір аудандарын су басып қалуы мүмкін.

–Бұл Овчинный қаласына қарасты Кузнечный, Сицовка, Берды, Подмаячный ауылдарына және «Дубки» саяжайына, сондай-ақ жайылмаларда орналасқан елді мекендерге де қатысты. Черновское су қоймасы орналасқан Краснохолм ауылында да су тасқыны орын алып, 7377 адам зардап шегуі мүмкін, – деп хабарлайды Орынбор әкімшілігінің сарапшысы.

Синоптиктер 27 наурыздан бастап орташа тәуліктік температура көтерілетінін айтты. Демек бұл судың келуі басталады деген сөз. Бұл өзеннің төменгі бөлігінде орналасқан Қазақстандағы аймақтарға қалай әсер ететінін тек болжап қана айтуға болады.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз