Өткен жылы өңірде инватакси 157 мыңнан астам тасымал жасады

37335d37 7fb7 4daf 8302 5a58061e1113 Жаңалықтар

Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 80 инватакси қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 14 такси арнайы жабдықталған, ал жабдықталмағаны – 66. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Былтыр инватаксидің көмегімен 1762 қозғалуында қиындығы бар жандарға 157 142 тасымал жасалды. Оның ішінде, жартылай күндізгі стационар бөлімі балаларының тасымалын Жылыой, Қызылқоға және Құрманғазы аудандары бойынша 2, ал Индер және Исатай аудандарында 1 инватакси қамтамасыз еткен.

Сонымен қатар, Атырау қаласында арнайы жабдықталған екі автокөлік 50% жеңілдікпен ақылы түрде тәулік бойы мүгедектігі бар адамдарға жеке шаруаларымен қаланың кез-келген нысандарына жеткізу қызметін көрсетеді. Қызметті «Мүгедек әлемі», «Сенім шыңы», «Облыстық мүгедектер», «Мөлдір көз», «Ақ жол», «Мақат» қоғамдық бірлестіктері көрсетуде.

Айта кетейік, аймақ бойынша барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі 24534 адам, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 2293, екінші топтағылар саны – 8789, үшінші топтағылар – 9254, ал мүгедек балалар саны 4 198 адам.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз