Облыста балық өсіру көлемі артады

84083464 b40d 4678 9738 fd67b19ade24 Жаңалықтар

​Балық шаруашылығы аймақтың экономикасында маңызды рөл атқаратын салалардың бірі.

​Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында балық өсіру шаруашылықтарын құру және дамыту үшін жер учаскелерін беру туралы шаралары енгізілген.

​Сонымен қатар, кешенді жоспарда облыста 9 балық өсіру жобасы, оның ішінде Құрманғазы ауданында 7 тоған шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы және балық цехын салу іске асырылатындығы айтылған. Осы 9 жобаны іске асыру нәтижесінде балық өсіру көлемі 2025 жылға қарай 10 тоннадан 7 мың тоннаға, балық экспорттау көлемі 9 мың тоннадан 13 мың тоннаға артады, 300 жаңа жұмыс орны құрылып, тауарлық балық өткізуден түсетін салық көлемі 5,2 млрд теңгеге дейін ұлғаяды делінген.

​Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының сөзінше, 2021-2022 жылдары тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін Атырау қаласы, Дамба ауылынан «Caspian Эко-Тур» ЖШС-не 64 га., «Тілекші» ЖШС-не 22,47 га., Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылынан «А-Дана» ш/қ-на 0,6 га., Құрманғазы ауданы, Көптоғай  ауылынан «СевКаспийФиш» ЖШС-не 950 га., жер телімдері берілген. Сондай-ақ, балық қабылдау орыны, су кемелер тұрағы үшін Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылы, Қиғаш өзенінің жағалауынан «Каспий-Балық» ЖШС-не 2 га., «Сарсенбаев Ержан» ш/қ-на 0,5 га., жер телімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілген.

​Облыстағы балық шаруашылығын одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдау өте маңызды. 

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз