Наурыз: мерекелік думан жалғасуда

img 20240324 wa0061 Жаңалықтар

Атырауда орталық алаңда өңір көркемөнерпаздарының «Наурыз думан»
концерттік бағдарламасы өтіп жатыр.

 
Наурыз – көктем мерекесі, күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңарып, жасаратын, жаңа жыл мен жаңа өмір бастау алатын кез. Қысқы ұйқыдан оянған табиғатпен бірге тіршілік атаулы түлеп, жанданады. Наурыз мейрамы халықтың береке бірлігін нығайтатын думанды той.
Облысытың дарынды жастарының өнерін халыққа паш ету, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Концерттік бағдарламада «Алтын Жұматина», «Қарақат», «Дархан», «Ақжол», «Айман-Шолпан», «Қайрат Нұртас», «Жайдарлым», «Еркемай», «Айназ» өнер мектептерінің өнерпаздары және «Жібек жолы», «Жазира», «Мөлдір», «Адия» би топтарының бишілері өнер көрсетуде.

-Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше аталып өтуде. «Наурызнаманың» онкүндігі аясында бірқатар жұмыс жүргізілгенін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да көріп жатырмыз. Ал Атыраудағы орталық алаңда әз-Наурызда бастау алған концерттік бағдарламалар әлі де жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Бүгін де біз отбасымызбен алаңға шығып, Наурыздың думанын тамашалап жатырмыз. Биылғы іс-шаралардың бір күндік болып шектеліп қалмағаны қуантады. Ендігі уақытта ұлық мереке осылай біртіндеп жалпыхалықтық сипат алуы тиіс, – дейді қала тұрғыны, көп балалы ана Гүлайна Иманәлиева.


Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз