Маңғыстау және Атырау облысының электр станциялары оқшау жұмыс режиміне көшті

b568c7f9 8787 4ecf 83d9 ae3371ec7680 Жаңалықтар

Өңірдегі апатқа байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарының электр станциялары оқшау жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«МАЭК-тегі автоматика панелінің қосылуынан №1 энергетикалық блогта апатты ажырау жағдайы орын алды. Осыған байланысты Маңғыстау облысының энергиямен қамсыздандыру қызметі оқшау режимге көшті. Қысымның төмендеуінен ТШО, NCOC, Атырау ЖЭО электр станциялары ортақ желіден ажырап, оқшау жұмысқа көшті», деп хабарлады «Атырау Жарық» АҚ.

Қазіргі уақытта Атырауда Дамба ауылынан, Орталық ықшам ауданнан Талғайыр ауылына дейінгі қаланың сол жағалау бөлігі толығымен және Алмалы ауылынан Жұмыскер ауылына дейінгі қаланың оң жағалау бөлігі ішінара жарықсыз қалған. «Kegoc» АҚ  апатты жағдайдың себебін анықтап, одан кейін электрмен қамсыздандыру қызметін қалпына келтіреді.

Қазіргі уақытта АТЭО-дан шығатын 35 кВ-тық желілер қосылды, қазіргі уақытта оны Атырау қаласының қосалқы станциясына қосу шаралы атқарылып жатыр. 

Атырау облысының әкімдігі жауапты мекемелермен бірлесіп, Атырау қаласында электр қуатының өшу себептерін анықтау және жою бойынша қажетті шаралар қабылдап жатқанын хабарлайды.

«Қазіргі уақытта «KEGOC» және Энергетика министрлігі тарапынан апаттардың себептері туралы ресми ақпарат күтілуде», деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз