«Күз-2023»: жас сарбаздар ант қабылдады

1111111111111111111 Жаңалықтар

11 қараша күні Атырау қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Атырау гарнизоны N41433 әскери бөлімінде «Күз-2023» шақырылымы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінен жасақталған жүзден астам сарбаз әскери өмірдің табалдырығын аттады.

Салтанатты жиынға Қорғаныс министрлігінің Атырау гарнизоны N41433 әскери бөлімінің басшылық құрамы, ардагерлер алқасы және сарбаз ата-аналары қатысты.

Жиынға қатысушылар сарбаз өмірінде қайталанбайтын сәттің мән-мағынасына терең тоқталып, жас сарбаздардың алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Мәртебелі міндет жүктеген сарбаздар, жауынгерлік қызметте он екі ай ел қорғанысының беріктігі үшін сап түзейтін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз