Көктемгі су тасқынына дайындық қалай?

15536195835c9a5a7f0f1ec9.05351131 Жаңалықтар

Атырау облысында қызыл судан төнетін қауіп жіті назарда болуы тиіс. Бұл туралы «АMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалында өткен депутаттық фракция отырысында атап айтылды. Жиында өңірдегі өзекті екі мәселе күн тәртібіне қойылды.

Біріншісі көктемгі су тасқынына дайындық, оны өткізу және ықтимал залалды азайту болса, екіншісі Атырау қаласындағы жер асты суларының көтерілуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайы.

Бірінші проблема бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев аймақтағы Жайық, Жем, Ойыл, Қиғаш, Сағыз, Шора өзендерінен төнетін көктемгі су тасқынына сақадай сай екенін баяндады. Оның айтуынша, елді мекендер аумағына бөгеттер қойылып, техникалар дайын тұр.
Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе – қала аумағындағы жер асты суларының көтерілуі әкімдіктің бақылауында. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нысанбаевтың айтуынша, қазір «Жұлдыз» шағынауданында орнатылған 28 дана иглофильтрден алынған су көлемі 67,795 текшеметрді құрап отыр. Ал «Сарықамыс» шағынауданындағы кәріз жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Құрылысы келесі жылы басталады. «Мирас» шағынауданындағы аталған жоба аяқталу сатысында, құрылысы биыл басталады деп жоспарланған.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз