tumau

ІНДЕТТЕН ЕМДЕЛУ: Оның қандай жолы бар?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина СарапTime Қоғам

Atr.kz/21 шілде, 2020 жыл. Covid-19 індетін бақылап отырған ғалымдар тобы коронавирус белгілі бір мерзім ішінде ғаламшар жұртшылығының айтарлықтай бөлігіне жұғады деген тұжырым жасайды. Ал, кейбір ғалымдар инфекция тұмау сынды мезгілдік дертке айналып, жойылмай қалады деген пікірде. SARS-CoV-2 – коронавирустың ғылыми һәм ресми атауы. Әлем халқының бойына үрей ұялатқан инфекцияны жұқтырып алудан сақтану – қазіргі уақыттың мәселесі. Ғалымдар коронавиру­сты түбегейлі зерттеп, оны түп-тамырымен жоюға бейіл.

 БІЗДІ ҚОРҚЫТҚАН ДҮЛЕЙДІҢ ТҮРІ ҚАНДАЙ?

Вирус – бұл адамның генетикалық кодына, яғни, ақуызбен қоршалған ағзаның кіші бөлігінің қорғаныс қабатын бұзып кіретін талшықтар немесе таяқшалар. Коро­навирус – көлемі жағынан басқа вирустардан әлдеқайда кішкентай. Оны микроскоппен көру мүмкін емес. Елестетіп көрсеңіз, иненің ұшындай жерге коронавирустың 100 миллион данасы шоғырлана алады. Оның көлемінің кішілігі де ғалымдарға қолбайлау болып отыр. Инфекция жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде оның бір тамшы сілекейінде миллиардтаған вирус таяқшалары бола­ды. Жасушаға түскен вирус ақуыздың бөлінуін тоқтатып, орнына өзінің көшірмелерін туғыза береді. Міне, науқастың денсаулығы осыдан күрт на­шарлайды.

ТӘЖТАЖАЛ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Ғылымда вирустың ондаған миллион түрі белгілі. Олар адамға анау айтқандай қатер төндіре қоймайды. Қауіптісінің ұзын саны 100-дің о жақ, бұ жағында. Өйткені, адам ағзасы эволюция арқылы көптеген в и р у с т а р м е н к ү р е с у г е дағдыланған. Олар эволюция кезеңдерінен өткен сайын, мутацияға ұшырап, өзгеріп отырады. Мысалы, бұрын тек жануарларда кездесетін ви­рустар адам ағзасына да түсуі ықтимал. Осындай «жаңа» түрлері адам өмірі үшін қауіпті. Өйткені, адам ағзасы жаңа ви­рустармен күресуге қауқарсыз болуы мүмкін. Ағзаның қорғаныш механизмі бұрын мұндай вируспен күресіп көрмеген соң жатырқайды. Нәтижесінде, вирус адамдар арасында тарап, эпидемиялық деңгейге дейін өсе береді. АИВ, SARS, MERS және бүгінгі коро­навирус дәл осындай жолмен асқынып кетіп отыр.

SARS ЖӘНЕ MERS ВИРУСТАРЫНАН НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?

Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің директоры Пи­тер Пиоттың айтуынша, SARS-CoV-2 вирусында (коронавирустың ресми ата­уы) өзіндік төрт ерекшелік бар. Біріншіден, инфекция жұқтырған адам өзінің дерт­ке душар болғанын білмеуі мүмкін. Бірақ, ол бойындағы вирусты өзгелерге тара­та береді. Бұл – індеттің изоляциялауға мүмкіндік бермейтін қасиеті. Егер адам SARS вирусын жұқтырса, өзінің ауырғанын дереу біледі және айналасындағыларға тарату мүмкіндігі бірнеше күннен кейін ғана ашы­лады. Екіншіден, вирус жұқтырғандардың 80 пайызы жай салқын тию мен тұмау симптомдарын ғана сезеді. Ал, әрбір бесінші адам түк сезбеуі мүмкін. Бірақ, инфек­ция таралуын тоқтатпайды. Үшіншіден, COVID-19 сим­птомдары тұмау белгілеріне қатты ұқсағандықтан, өзінің вирус тасымалдаушы екеніне күмәнданбайды. Төртіншіден, вирус тамақ тұсында қатты көбейеді. Сондықтан, жөтел және түшкіру кезінде жан- жағындағы адамдарға ин­фекция жұқтыру мүмкіндігі жоғары. Вирус жұқтырған адам ең бірінші жөтеле бастайды.

ВАКЦИНАДАН ҚАЙЫР БАР МА?

Вакцинадан пайда жоқ. Оны аз уақыттың ішінде жасап шыққанымен, адам­зат баласына оның оң әсер ету ықтималдылығы тым төмен. Алғашқы клиникалық вакциналарды бірнеше ел­дерде сынау басталды. Қалай десек те, ең тиімді вакцина кем дегенде 2021 жылы жа­салады. Ал, ол уақытқа дейін коронавирус мына қарқынмен көпшілікке жұғып үлгереді. Сондай-ақ, бірнеше ғалым коронавирус вакцинасы жаса­лады деп оптимистік көзқарас танытқанымен, оның жасалуы­на ешқандай кепілдік жоқ. Пи­тер Пиоттың айтуынша, АИВ вакцинасын жасап шығаруға деген талпыныс 35 жыл бойы жалғасып келеді.

ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ?!

Кез келген дертке әмбебап бағалау шкаласын ешкім қоя алмайды. Десек те, оның қаупі таралу жылдамдығынан, адам өміріне төндіретін қатерінен байқалады. Қытай ғалымдарының санағы бойын­ша, эпидемияның орталығы болған Ухань қаласында вирус тасымалдаушы әр адам кем дегенде 2,2 адамға инфекция жұқтырған. Ал, эпидемияның күшін жою үшін бұл көрсеткіш бірден төмен болуы тиіс.

 Қытайда «әп» дегеннен каран­тин жарияланып, коронавирус- ты ауыздықтау мүмкін болды. Италияда вирус тасымалдау­шы кем дегенде үш-төрт сау адамға инфекция жұқтырып, жағдайды ушықтырды.

Жаңа вирустың таралуы мезгілдік тұмау секілді болса да, оның жұғу қаупі тым жоғары. Ол ауада үш сағатқа дейін өмір сүреді, ал, пластикалық және темір материалдарда үш күнге дейін тіршілік жасай береді. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, коронавирустан өлім-жітім жиілігі жоғары. Ол басқа инфекциялармен салыстырғанда бірнеше есе­ге көп. Коронавирус қартаң кісілерге ауыр соғады деп да­был қағылды. Мысалы, жасы 70-тен асқан және созылмалы дерті бар адамдар коронавирус жұқтырса, өлім-жітім жиілігі бес пайызға жуықтайды. Ал, 80 жастан асқан және инфекция жұқтырғандардың әрбір онын­шысы қайтыс болады.

ЕМДЕУ АМАЛДАРЫ ҚАЛАЙ?

Вирус жұқтырғандарды емдеу кезінде дәрігерлер инфекцияның өзімен емес, оның салдарымен күреседі. Үрейге бой алдырмаңыз! Инфекция жұқтырғандарға, негізінен, дәрігерлердің көмегі қажет емес. Олардың 80 пайыздан астамы үй жағдайында, кәдуілгі тұмауға қарсы қолданатын ем-дом арқылы апта ішінде жазы­лып кетеді. Коронавирус жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу қажеттілігі тек әрбір бесінші немесе алтын­шы науқасқа туады. Өйткені, олардың созылмалы дерті бо­луы ықтимал немесе жасы келген адам болса ғана. Егер ко­ронавирус пневмонияға дейін асқынса, адамның тыныс алуы қиындап, әлсіз ыстық көтерілуі байқалады. Мұндай деңгейдегі науқастар үлесі жалпы вирус жұқтырғандардың төрт пайы­зын құрайды.

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫМ ДЕП КҮДІКТЕНСЕҢІЗ…

Б і р қ а т а р з е р т т е у л е р нәтижесіне сүйенсек, вирус- пен күрестегі ең қайырлы амал – карантин. Өйткені, сіз жан- жағыңыздағы сау адамдарға инфекция жұқтырмауға тиіссіз.

Т ұ м а у т и г і з д і м д е п күдіктенсеңіз, ең бірінші кезек­те отбасы мүшелеріңізбен бірге жеке карантин жариялаңыз. Толық жазылғанша ешқайда шықпауға тырысыңыз. Сондай- ақ, антибиотиктерді қолдану вирусты өршіте түсетінін айта кеткен жөн. Кез келген қарым- қатынас кезінде медициналық бетперде кию міндетті. Жеке гигиена талаптары да маңызды. Дегенмен, вирус сілекей арқылы жұғатынын ескер­сек, бетперденің қажеттілігі жоғары. Коронавирустың жұғу жеңілдігін, жылдамдығын ескерсек, алдағы уақытта и н ф е к ц и я ғ а л а м ш а р жұртшылығының айтарлықтай деңгейіне жұғады деп күтілуде. 1918-1919 жылда­ры тараған «испан тұмауы» ғаламшар тұрғындарының әрбір үшіншісіне жұққан. Ал, коронавирус қарқыны одан әлдеқайда жоғары. Осы ретте Питер Пиот адамдарға вирусқа психологиялық тұрғыдан дайын болу керек екендігін ескертеді. Бастысы – үрейленбеу керек. Мүмкін, сіз де ауырып үлгерген шығарсыз. Ол жай ғана тұмау симптомда­ры арқылы өтіп кеткен шығар. Бәрі мүмкін!

 Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

 Инфекционист дәрігердің кеңесі:

 Эпидемия кезінде алдын алу үшін ци­клоферон таблеткасы, С витамині, поливитаминдер, ревит, ундевит сияқты қарапайым дәрумендер, никотин қышқылын көрсетілген дозада пайдаланған абзал. Егер, қызу көтеріліп, жөтел пайда болса, тоңып, қалшылдасаңыз, бұлшық еттеріңіз ауырса, циклофе­ронды төрт таблеткадан бір рет қабылдайды. Ауру симптомдары белгілі болғаннан кейін бірінші, екінші, төртінші, алтыншы, сегізінші күндері ішеді. С дәруменін тәулігіне 5-10 мг-ға дейін тамақпен бірге ішу керек. Ревит пен ундевит дәрумендерін үш есе дозамен ішкен жөн. Никотин қышқылын 50 мг-нан тәулігіне екі рет қабылдаған дұрыс. Кальций глюконатын бір-екі түймешіктен тамақпен қосып жеген абзал. Бромгексин таблеткаларын тәулігіне үш-төрт реттен екі түймеден ішу қажет. Өте көп сұйықтық ішіңіз. Балды жылы сумен, итмұрын қайнатпасымен, түймедақ гүлімен қосып ішсе, пайдасы көп. Прополисті сіріңкенің басындай мөлшерде таңдайға жабыстырып, сорып жүріңіз. Күніне 400 мг-нан үш рет ибупрофен, жүкті әйелдер парацетамол қабылдағаны жөн. Тәулігіне 100 мг-нан бір түймешіктен бір рет диазолин ішіңіз, егер жағдай қиындаса, екі таблеткаға дейін де қабылдауға бола­ды. Құрғақ жөтелде Либексин таблеткасын күніне бір түймеден үш рет ішкен абзал. Қақырық түсіру үшін мукалтин, термопсис, АЦЦ таблеткалары да пайдалы.

Тәуір болғаннан кейін де екі апта ағзаны тынықтырған жөн. Қазы-қарта жеңіз, ет асыңыз, сорпа ішіңіз. Май мен қаймақ, айран мен кілегей, шұбат пен қымыз ағзаға ауруды жеңуге көмектеседі. Ұйқы тыныш, әрі сегіз сағаттан аз болмауы керек. Циклоферонның орнына анаферон немесе эргоферон пайдаланыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған