Карантин кезінде жиын-той өткізу тиылмай тұр

1 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/21 шілде, 2020 жыл.  Атырауда тоғыз күн ішінде облыс бойынша карантин режимін бұзған 463 дерек анықталды.

«Бұл туралы індет кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топ жүргізген рейд барысында белгілі болды» деп хабарлайды Атырау облыстық ​ коммуникациялар қызметі.

Карантиндік шектеулерді ең көп бұзғандар Атырау қаласының тұрғындары.

Мәселен, «үйге дейін жеткізу» қызметі ​ түрінде ​ ғана жұмыс істеуге рұқсат ​ берілгеніне қарамастан,​ Атырау қаласында мейрамханаларда тамақтанудың 14, азық-түлік​ дүкендерінің ​ жұмыс уақытынан тыс мезгілде сауда жасауының 39 дерегі анықталды.

Жиын-той өткізуден Жылыой ауданы көш бастап тұр. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрғанына ​ қарамастан, жылыойлықтар 16 рет отбасылық шара өткізген. Той, садақа түріндегі шаралар өткізудің ​ дерегі​ Атырау қаласымен бірге, ​ Исатай, Қызылқоға, Мақат ​ аудандарында тіркелді.

Қозғалыс тоқтаған уақытта себепсіз жүрудің ​ Атырау қаласында 35, Жылыой ауданында 100, Мақат ауданында 31, Исатай ауданында 19, Махамбет ауданында 17, Қызылқоға ауданында 20, Индер ауданында 9 дерегі тіркеліп отыр. ​

Еске сала кетелік, бұл 11-20 шілде аралағында жүргізілген рейд барысында анықталған жағдайлар.

(Сурет интернеттен алынды)

https://atr.kz/bez-rubriki/qarapajym-pnevmoni%d1%8fny-koronavirustyq-pnevmoni%d1%8fdan-qalaj-azhyratuga-bolady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз