ХҚО Наурыз мерекесінде жұмыс істей ме?

whatsapp image 2024 03 11 at 14.24.49 Жаңалықтар

8 наурызды мерекелеуге байланысты Қазақстанда ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемеді. Сол сияқты Наурыз мерекесінде, яғни осы айдың 21–25 аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды.

Дегенмен кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал әдеттегі жұмыс режиміне 26 наурыздан бастап оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбі–жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз