Еркінқалалықтарды не мазалайды?

5bee40b4 911c 4e52 9844 5077838f5120 Жаңалықтар

Атырау облысына іссапармен келген Парламент мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов Еркінқала ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Кездесуде қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатқан 69 заң жобасы жайлы айтылды. Оның үштен бір бөлігіне Мәжіліс депутаттары өздері бастамашылық жасады. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасымен Бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жылу энергетикасы, масс-медиа, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

c513551a 163e 4406 b9cb 82e2c6d4b9d2

  – Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ретінде Республикалық бюджетті бекітуге, оның ішінде Атырау облысынан республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған жобалардың қолдау табуы бағытында жұмыстанудамын.

Мәжілістің VIII сайланымының І сессиясында Атырау облысындағы экологиялық мәселелер бойынша, Салықтық әкімшілендіру және сумен қамтамасыз ету, Жайық-Каспий бассейнін нығайту мәселелері, Атырау облысынан бюджеттік алымдарды тоқтату, Қазақстан теміржол қызметіне тексеріс жүргізу, лудомания, екінші деңгейлі банктер мен ҚазПоштаға қатысты, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесі, Халық банкі дивиденттер төлеу туралы, халықтың қарыз ауыртпалығы туралы 10 жария депутаттық сауал жолданды- деп атқарылған жұмыстарынан да хабардар етті депутат. 

Кездесуде тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүйесіздігі, мектеп құрылысының сағызша созылғанына реніштерін жеткізді. Еркінқалалықтардың мұң-мұқтажын тыңдаған халық қалаулысы ел уәжінің шешімін табуына көмек көрсететінін айтып, жергілікті жауаптыларға да жауапкершілік жүктеді. 

Рита Өтеуғали

Суреттер Ерлан Алтыбаевтікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз