bajkau

«Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауы жарияланды

Жаңалықтар
10 / 100

Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялайды.

Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері   қатыса алады.

  •  БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге.

Байқауға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. Материалдар 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 05 шілдесіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан болуы шарт. Оны erkinsoz2021@gmail.com электронды поштасына жолдау керек. (Call centre: + 7 775 166 8920;)

qarzhyyy

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.  Байқау комиссиясы  қабылданған  материалдарды   іріктеу барысында   оның объективтілігіне,  журналистің кәсіби шеберлігіне, мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсетуіне,  материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдарына, ұсынылған материалдардың қоғамға пайдалылығына назар аударады. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.

logosy

«Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауының қорытындысы  2021 жылдың 19 шілдесінде жарияланады.

Толық ақпарат үшін:   +7 775 166 8920.

noutbuk

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған