Жаңалықтар

Еріген қар суы сорылуда

«Қызылқоға ауданында еріген қар суын сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Сала қызметкерлерінің айтуынша, кеше сағат 15:02-ден бастап бүгінгі күнге дейін Қызылқоға ауданы Миялы ауылының көшелерінен 1486 текше метр қар суын шығару жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Жағдай қатаң бақылауда.

–Апаттық-құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №10 өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер, 2 мотопомпа, жергілікті атқарушы органнан 2 қызметкер және 1 бірлік техника, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Қазір су сору бойынша жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, әкімдік пен құтқарушылардың күшімен аудан төңірегінде ағып жатқан «Ноғайты» және «Сағыз» өзендеріндегі су деңгейін бақылау үшін бақылау бекеттері ұйымдастырылды, — делінген баспасөз хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button