«Елнас» пен «Аламанда» – арзан тауарлар сатылымға шықты

whatsapp image 2021 10 02 at 18.19.35 Жаңалықтар

Қала күні мерекесіне орай, Тайманов даңғылының бойындағы «Елнас“ және Атырау ықшамауданындағы «Аламан» базарларында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Атырау қаласынан және Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Исатай аудандарынан – барлығы 80-ге тарта шаруа қожалығы мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты.

Олардың арасында Амангелді атындағы өндірістік кооператив – балық; «Темір Ай», «Камалов» жеке кәсіпкерліктері, «Самат», «Асыл Агро», «Тайыр» шаруа қожалықтары – ет; «Первомайский» ЖШС, «Қаратаева», «Қапатова» жеке кәсіпкерліктері – сүт,  «Асыл Агро», «Ақ Жайық», «Rokos Group» ЖШС-тері – шұжық;  Көкөніс өнімдері: ШҚ, «Саташева», «Алғабас», «Қыран», «Алғабас» шаруа қожалықтары, «Иманбаева», «Жұмабекова», «Магзомова» жеке кәсіпкерліктері – көкөніс; сондай-ақ,  «ЕФК», «Дәулет нан» ЖШС-тері, «Боранғазова», «Клименко», «Назарова» жеке кәсіпкерліктері – күнбағыс майы, нан-бөлке және азық-түлік өнімдерін тұтынушыларға қолжетімді бағамен ұсынды.

 Атап айтқанда, жәрмеңкеде бір келі картоп –170-180, пияз –100, сәбіз – 160, қырыққабат –170-180, жұмыртқа (1 данасы) – 40, сиыр еті –1700-1850 теңгеден сатылды. Ал, балық өнімдерінен: жайын – 1500, қаракөз – 400, торман – 500;  құс еті – 800-900 теңгеден өткізілді.

 Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтау мақсатында жәрмеңке өткізілген базарлардың аумақтары  толығымен қоршалып, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы қадағаланды. Бұл жөнінде алдын-ала ескерту жұмыстары жүргізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз