Депутат Атыраудағы жылу беретін орталықтардың жағдайымен танысты

zhylu 3 Жаңалықтар

            Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

zhylu 4

Халық қалаулысының басты мақсаты – жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, өңірдің өзекті проблемаларын зерделеп, партия белсенділерімен және атқарушы билік құрылымдары басшыларымен бас қосып, оларды оңтайлы шешу жолдарын ойластыру. Туындаған сұрақтарға жауап беріп, халықтың өтініші мен ұсыныс-пікірін жинақтап, қазыналы аймақ үшін ең маңызды деген мәселелерге қатысты депутаттық сауал дайындап, Үкімет пен салалық министрліктерге жолдау. Облыста қыс кезеңінің қалай өтіп жатқандығына көңіл бөліп, кезекті жылу беру маусымының барысымен танысу.

zhylu

 Жұмыс сапарын облыс орталығынан бастаған Мәжіліс депутаты ең алдымен аймақтың энергетика кешеніне қарасты кәсіпорындарда болып, маңызды маусымның қалай өтіп жатқандығына назар аударды. Осы орайда, Атырау жылу-электр орталығының, Атырау жылу жүйелерінің, «Атырау-Жарық» АҚ мен «KEGOC» компанияларының жұмысымен, тыныс-тіршілігімен, олардағы инвестициялық бағдарламалардың орындалысымен танысты.

Дүйсенбай Тұрғанов сондай-ақ, облыс аудандарына ат басын тіреп, ауыл тұрғындарының да мұң-мұқтажына құлақ асып, талап-тілегін тыңдауға әзір екенін мәлімдеді.

Дәулетқали Аруев,

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз