Cиноптиктер: 23-25 қыркүйекте түнде жел күшейіп, үсік жүреді

whatsapp image 2021 09 22 at 19.46.37 Жаңалықтар

Синоптиктер 23-25 қыркүйекте еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігінде ықпалын сақтап қалады. Егер шеткі солтүстік және шығыс өңірлер ауаның төмен, бірақ оң температурасын сақтаған циклонның тасасында қалса, онда кезең ішінде жауын-шашынсыз және төмен ауа температурасы қалыптасуы ықтимал, – деп хабарлады «Қазгидромет»РМК-да.

Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 1-9 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз