Болашақ үшін дауыс беремін!

screenshot 9 7 Жаңалықтар

«Apec Petro Technic» жоғары колледжінің ғимаратында орналасқан №90 сайлау учаскесіне бірінші болып дауыс беруге келген – нұрсаялық тұрғын Роза Нұрғалиева.

Ол қызымен бірге сайлау учаскесіне таңғы 6:50-де келген екен. Алғашқылардың қатарында өз таңдауын жасауға келген белсенді зейнкеткердің жасы 69-да.

– Мен өмірімде бірде-бір рет сайлаудан қалып көрген емеспін. Таңдауымды жасап, дауыс беруді азаматтық борышым деп білемін. Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс бердім және ел ертеңіне сенімдімін, – дейді Роза апа.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гүлмаржан Бисембаеваның айтуынша, аталған учаскеде 2408 сайлаушы тіркелген. Бір сағатқа жуық уақыт ішінде 12 адам дауыс берді.

Колледж ғимаратында орналасқан №90 сайлау учаскесіндегі науқан барысына сегіз байқаушы мен бір сенім білдірілген адам бақылауда.

Алма Тұрғанова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз