БИЫЛ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА 47 ПЕДАГОГ ЕҢБЕККЕ АРАЛАСТЫ

img 20200901 wa0090 Жаңалықтар

«Жаңа оқу жылында Жылыой ауданындағы мектептерге 47 мұғалім жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте аудан әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Жылыой ауданында жалпы орта білім беретін жиырма мектеп жұмыс істейді. Ондағы оқушылар саны 18 мыңнан асады. Аудан әкімі Хәлел Жамаловтың сөзінше білім мекемелеріне әлі 45 мұғалім жетіспейді. 

–    Бүгінде ауданның білім беру салаларында барлығы 1 641 мұғалім жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 47 маман жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, орыс сыныптарына математика, физика пәндерінен сабақ беретін және бастауыш сынып мұғалімдері қажет, – дейді Хәлел Жамалов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз