Биыл өңірде «Сапалы өнім» жобасы іске қосылады

4 Жаңалықтар

Бүгінгі таңда ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет басшысы қойған басты міндет. Осыған байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске қосуды ұсынады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Алем Уалиев мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

-Биыл Атырау облысы бойынша департаментке келіп түскен шағымдардың басым бөлігі, яғни 85,5%-ы бөлшек сауда бойынша, 3%-ы қоғамдық тамақтану бойынша. Сонымен қатар 2,5%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты болса, 4,2%-ы байланыс қызметтері бойынша келеді. Ал медициналық қызмет бойынша – 1,3% қаржылық қызмет бойынша – 1,9%, әуе көлігі және көлік тасымалы бойынша – 1,6%-ды құрап отыр, – деді А.Уалиев.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үкіметтік емес институттарына да байланысты. Қоғамдық бірлестіктердің қызметін салада тиімді интеграциялау үшін бейінді мемлекеттік органдар, адал бизнес субъектілері және тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі бірігіп, ахуалдық штаб құрған. Бірлескен жұмыс нәтижесінде биыл Республикада импорттық өнімнің шамамен 68 түрі зерттелген. Оның ішінде 19 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылу фактілері анықталып отыр.

-Министрлік «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске қосуды ұсынады. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар. Нақтырақ айтсам, қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заң қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы функцияны іске асыру кезінде қоғам белсенділері тауарды сату орындарына барған кезде жасалатын барлық әрекеттерді қолдануға құқылы. Атап айтқанда, фото, аудио, бейнетіркеу жиынтығы. Соған орай біз тұтынушыларды өз құқықтарын қорғауға шақырамыз. Бұл өркениетті нарықтық қатынастарды құруда үлкен бетбұрыс болмақшы, – деді департамент басшысы.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз