Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

1614774181586 Жаңалықтар

Биыл балаларды I сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электронды үкімет – egov.kz веб порталы арқылы тапсырады.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың хабарлауынша, жаңа оқу жылында өңірде бірінші сыныпқа 15 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.
–Биылғы оқу жылындағы басты айырмашылық – республиканың кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде жуырда қабылданған заңға сәйкес, лицейлер мен гимназияларға I сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді. Яғни, барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты I сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған, – деді ол.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз